АҚШ Германиядағы әскерін қысқартуы мүмкін
АҚШ пен Еуропа арасы суып барады.
Президент Дональд Трамп Германиядағы әскер санын қысқартуға бейіл екенін жеткізді. Ақ үй басшысы әлеуметтік желі "нақты шешімді көп ұзамай жариялайтынын" жазған. Құрама Штаттардың Еуропадағы ең ірі әскери контингенті осы Германияда. Мұнда 30 мың америкалық сарбаз бар. Трампқа неміс канцлерінің мәлімдемесі жақпай қалған. Бір күн бұрын Фридрих Мерц "АҚШ-та Иранға қарсы соғыста ешқандай стратегия жоқ" деп мәлімдеген еді. Ал Ақ үй басшысының осыған дейін "Ормуз бұғазын ашуға көмектеспедіңдер" деп, НАТО-дағы одақтастарына бірнеше рет шүйліккені бар.