Айдан жаңа минерал табылды
Қытай Айдан минералдың жаңа түрін тапты.
Ғалымдар мұны құлаған ай метеоритінің құрамынан анықтаған. Қазір оған «церий-магний чанзиті» деген жаңа атау берді. Мамандардың пайымдауынша бұған дейін беймәлім болған минералдың табылуы біздің ғаламшарымыздан тыс кеңістікте өзге де жағдайлар болғанын білдіреді. Элемент түссіз мөлдір және сынғыш, шыны тәрізді. Ұсақ бөлшектердің көлемі 25 микрометр. Ерекшеліктерін тек арнайы микроскоппен көруге болады. Бұл ғалам туралы түсінікті кеңейтіп қана қоймай синтетикалық материалдарға қатысты тың формулалар бере алады, дейді сарапшылар. Айта кету керек, бұл қытай ғалымдарының айдан тапқан он бірінші минералы.
Чэ Сяочао, Қытай геология ғылымдары академиясының ғылыми қызметкері:
- Бұл минералдың ерекшелігі ол қалыптасу кезеңінде екі түрлі жағдайда болған. Оған бір жағынан экстрималды температура мен қысым әсер етсе, екінші жағынан химиялық әрекеттесу процесі болуы мүмкін. Егер келешекте осы минерал жер бетінен табылып жатса, бұл біздің планетамыздың бір кездері осындай күйде болғанын білдіреді. Ол бізге осы деректерді геологиялық және аспан құбылыстарын салыстырып, қорытындылауға мүмкіндік береді.