АҚШ Иранның $500 млн активін бұғаттады
АҚШ Иранның 500 млн доллар активін бұғаттады.
Мұны «Фокс Ньюс» телеарнасына берген сұхбатында Америка Қаржы министрі мәлімдеді. Скотт Бессент: "тәркіленген қаржының 350 млн доллары криптовалюта" дейді. Сондай-ақ Ислам Республикасына қарсы экономикалық қыспақты одан әрі күшейтетінін жеткізді. Ал Пентагон: "Иранмен арадағы соғысқа 25 млрд доллар жұмсадық" деп мәлімдеді. Десе де, АҚШ-тың шығыны еселенуі мүмкін. Өйткені Таяу Шығыста шабуылға ұшыраған әскери базаларды қалпына келтіру қажет. Сондықтан Пентагон жақын арада Конгрестен қосымша қаржы сұрауы мүмкін, - дейді сарапшылар.