АҚШ Иранға қатысы бар 48 кемені ұстады
АҚШ әскері Иранға қарсы теңізде тосқауыл жариялағалы 48 сауда кемесін ұстады.
Бұл туралы Құрама Штаттардың Орталық қолбасшылығы мәлімдеген. Аталған кемелер Иранның теңіз айлақтарына кіріп-шыққан. Американдық әскерилер теңіздегі тосқауыл операциясын және халықаралық сулардағы күзет шараларын жалғастыратынын жеткізді. Осының алдында АҚШ президенті Дональд Трамп Тегеран ядролық бағдарлама бойынша келісімге келмейінше теңіз блокадасынан бас тартпайтынын айтқан болатын.