Флорида штатының көшелерінде акула жүзіп жүр
АҚШ-тың Флорида штатындағы көшелерде акула жүзіп жүр.
Бұл сәт алдымен әлеуметтік желіде тарады. Бірақ оның шын акула не балықтың басқа түрі екені әзірге нақтыланған жоқ. Су бетіндегі қозғалысты байқап қалған қала тұрғыны суда жүзіп жүрген тіршілік иесін көріп, оны акула деп ойлағанын жеткізді. New York Post басылымының дерегіне сүйенсек, бұған дейін бірнеше штатта дүлей дауыл тұрып, қатты жаңбыр жауған. Форт-Пирс қаласында үш күн ішінде 254 миллиметр жауын-шашын тіркелген. Кей аудандарда жолдарды су басып, жүргізушілердің қозғалысы қиындаған.