Бразилияда су тасқынынан алты адам қаза тапты

Бразилияда тасқын мен лай көшкінінен 6 адам ажал құшты.

"Рейтердің" хабарлауынша, елдің солтүстік-шығысында бірнеше күннен бері жаңбыр тоқтаусыз құйып жатыр. Әсіресе Пернамбуку мен Параиба штаттары қатты зардап шекті. Табиғи апат аймағынан 3 мыңнан астам адам қауіпсіз жаққа шұғыл көшірілген. Қауіп-қатер және табиғи апаттармен күрес жөніндегі ұлттық орталық 20-дан астам ескерту жариялады. Жауын-шашын қазір бәсеңдеді, бірақ қауіп әлі де бар, дейді билік өкілдері. Аймақтағы құтқару жұмыстары әлі жалғасып жатыр.