Иран көсемі экономикалық және мәдени күрес жүргізуге шақырды

Иранның Жоғарғы көсемі Моджтаба Хаменеи ирандықтарды "жауларды жеңу жолында экономикалық және мәдени шайқас жүргізуге шақырды.

Аятолланың үндеуін жергілікті ақпарат құралдарына сілтеме жасаған "Рейтер" агенттігі жариялаған. Ол өз сөзінде "Иран дұшпандарға қарсы 47 жылдан бері күрес жүргізіліп келеді" деді. Сонымен қатар, Хаменеи "мұғалімдер мен жұмысшыларды аталған шайқастарда ең маңызды күштер" деп атаған. Бұдан бөлек аятолла ирандықтарды отандық өнімдерді тұтынуға басымдық беруге шақырды. Осының алдында елдің Ислам төңкерісі сақшыларының корпусы "Иран Парсы шығанағы мен Ормуз бұғазындағы шамамен 2 мың шақырым жағалау сызығындағы аумақта өз үстемдігін пайдалана отырып, су айдынын Иран халқы үшін табыс пен күш көзіне айналдыруды мақсат етенін айтқан болатын.