Ормуз бұғазындағы ахуал ушығып тұр

АҚШ Ормуз бұғазына жоласа, Иран да қарап отырмақ емес. Мұнысын оқ атпау режимін бұзуға балап отыр. Сондай-ақ Ислам революциясы сақшылар корпусы сауда кемелеріне ескерту жасады.

Стратегиялық су жолына жақындамай, Дубай жағалауына кетуді бұйырды. Қазір өткел арқылы өту ақылы. Тегеран арнайы тариф енгізді. Оның көлемін 2 млн доллар деп белгіледі. Бұған қарымта жауап ретінде АҚШ Иран порттарын қоршады. Кейінгі дерек бойынша осы уақытқа дейін Құрама Штаттар Ислам Республикасына тиесілі 50-ге жуық кемені басып алды.