Ормузда Ұлыбритания танкері атқыланды

Ормуз бұғазында Ұлыбританияға тиесілі танкер атқыланды.

Тұманды Альбионның теңіз саудасын үйлестіру орталығының мәліметінше, кеме Біріккен Араб Әмірліктері жағалауында шабуылға ұшырады. Су көлігіне қай елдің снаряды тигені белгісіз. Экипаж мүшелері дін аман. Олар қауіпсіз жерге көшірілді. Сондай-ақ шабуылдан суға зиянды заттар төгілген жоқ. Қазір тергеу басталды.