АҚШ Иранның екі әскери катерін жойды

АҚШ тікұшақтары Иранның екі әскери катерін жойды. Олар сауда кемелеріне қауіп төндірген.

Бұл туралы Құрама Штаттар Қарулы күштерінің орталық қолбасшылығы мәлімдеді. Америкалық авиация аймақтағы су шекарасын күзету ісін күшейткен. Зымыранмен қаруланған кемелер Парсы шығанағындағы танкерлерді қорғау міндетіне кірісті. Осының алдында АҚШ туын желбіреткен екі сауда кемесі ың-шыңсыз өткен.