Тегеранда сауда үйі өртенді
Тегеранда сауда үйі өртенді. «Рейтер» агенттігінің мәліметі бойынша, 8 адамның өмірі қиылды.
Тағы 36-ы жараланды. Апат себебі анықталып жатыр. Алайда өртке АҚШ пен Израильдің қатысы жоқ. Құзырлы органдар сауда үйін салған құрылыс компания басшылығын қамауға алды. Ғимарат жанғыш материалдардан тұрғызылған. «Бұл өрттің тез таралуына алып келді», - дейді мамандар. Қазір тергеу басталды.