Франция Ормуз бұғазына әскери кеме жіберді

Іле-шала Францияның "Шарль де Голль" атты ұшақ тасығыш кемесі Қызыл теңіздің оңтүстігіне беттеді.

Ресми Париж Таяу Шығысқа соғыс кемесін жіберу арқылы Ормуз бұғазындағы қауіпсіздікті сақтауға бейіл екенін жеткізгісі келеді. Жалпы бұғазда кемелерді қорғау миссиясына Франция президенті Эмманюэль Макрон мен Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер жетекшілік етеді. 40-тан астам ел Лондонда әскери жоспарлауды бастап кетті.