Францияның мемлекеттік бюджет жобасы қабылданбады

Францияның Ұлттық жиналысы келесі жылға арналған мемлекеттік бюджет жобасын қабылдамады. Дауыс беруге қатысқан 458 депутаттың барлығы құжатқа қарсы шықты.

Бұл туралы төменгі палатаның «Икс» желісіндегі ресми парақшасында хабарланды. Депутаттар Үкімет ұсынған қатаң үнемдеу шаралары, салық өзгерістері және бюджет тапшылығын азайту мәселелері бойынша келісімге келе алмаған. Енді бюджет жобасының бастапқы нұсқасы Сенаттың қарауына жіберіледі. 

Сондай-ақ оқыңыз: