Израиль – Ливан келіссөзі Вашингтонда өтеді

Израиль мен Ливан арасындағы үшінші келіссөз келесі аптада Вашингтонда өтеді. Бұл жөнінде Ливанның LBCI телеарнасы хабарлады.

Кезекті кездесуге Ливанның АҚШ-тағы елшісі Нада Хамаде Моавад, дипломат Симона Карама және ливан Қарулы Күштерінің өкілі қатыспақ. Алдын ала ақпарға қарағанда, келіссөз екі күнге жоспарланған. Бірақ кездесу нақты қай күні өтетіні әзірге белгісіз. Екі ел арасындағы тікелей келіссөздер АҚШ-тың араағайындығымен араға 33 жыл салып қайта жанданған болатын. Алайда әзірге нәтиже жоқ.