Израиль Шығыс Иерусалимде 50 нысанды сүреді

Израиль Шығыс Иерусалимдегі плестиналықтарға тиесілі 50 нысанды сүріп тастамақ. Шараны E1 жоспары аясында жүзеге асырғалы отыр.

Оған сай  Әл-Машталь ауданындағы дүкендер мен коммерциялық нысандар қиратылмақ. Ғимараттардың қожайындарына тиісті орындардан дереу кету міндеттелген. Палестиналықтар бұған наразы. Аталған жоспар АҚШ пен Еуроодақтың қарсылығынан 20 жыл тоқтап тұрған. Бірақ былтыр Премьер-министр Биньямин Нетаньяху тиісті құжатқа қол қойып, оны қайта жалғастыруға кірісті. Сарапшылардың айтуынша, бұл жоба Батыс жағалауды қақ бөліп, Палестина мемлекетінің құрылуына кедергі келтіреді.