Еуроодақ кедейлікті жоюды мақсат етіп отыр
Еуропа 2050 жылға қарай кедейлікті толық жоюды көздеп отыр. Алдағы 5 жылда табысы төмен адам саны 15 миллионға қысқаруы тиіс.
Бұл - Еурокомиссия ұсынған кешенді стратегия. Кәрі құрлық елдері алдымен білім беру және денсаулық сақтау қызметтерін көпке қолжетімді етумен айналыспақ. Және тұрғын үй бағдарламаларын көбейтуге ниетті. Енді мүгедектігі бар 90 млн адамды қоғамға бейімдеу жұмыстары да күшейеді. Айта кетейік, Еуропада әрбір бесінші тұрғынға кедейлік қаупі төніп тұр.