АҚШ-та гибридті көліктерге сұраныс артты
АҚШ-та гибридті көліктердің сатылымы айтарлықтай өсті. Таяу Шығыстағы әскери қақтығыс басталғалы бері бұл темір тұлпарларға сұраныс 37 пайызға артқан.
Ал жалпы сатылым көлемі былтырмен салыстырғанда 15 пайызға өскен. Сарапшылар мұны жанармай бағасының қымбаттауымен байланыстырады. Соның әсерінен америкалықтар үнемді көліктерге көбірек көңіл бөле бастаған. Ал электрмобильдер сатылымы кейінгі екі айда небәрі 11 пайызға ғана өскен.