АҚШ-та екі мың гектар орман өртеніп кетті

АҚШ-тың Флорида штатында тұтанған орман өрті 2 мың гектарға жуық аумақты күлге айналдырды.

Қазір өрттің шамамен 40%-ы ғана бақылауға алынған. Тілсіз жаумен күреске бірнеше өрт сөндіру бригадасы тартылды. Құтқарушылар тұрғын үйлер маңында қорғаныс аймақтарын дайындап жатыр. Әзірге қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Қазіргі ахуалға байланысты билік тұрғындарға жаппай эвакуацияға әзір болуды ескертті.