Израиль мен «Хезболла» дрон соғысына көшті  

АҚШ пен Иран тіл табыса алмай жатқанда, екі елдің одақтастары Израиль мен Ливандағы «Хезболла» қозғалысы арасындағы қақтығыс дрондар шабуылына ұласты. 

«Хезболла» арзан әрі құрастыруға оңай өздігінен ұшу құралдарын жаппай қолдана бастаған. Орташа бағасы – 400 доллар. Бұл құрылғылар Израильдің жоғары технологиялы радарларынан жалтаруға қабілетті. Кейінгі апталарда «Хезболла» 45 дрон соққысын жасап, Израиль әскерін алға бастырмай қойды. Израиль қарымта шабуылдарға дрондарды кеңінен пайдалануға кіріскен. Тел-Авив көбіне украиналық құралдарды іске қосып жатыр.