Д. Трамп: Украинадағы соғыс таяуда
Украинадағы соғыс таяуда аяқталады. АҚШ Президенті Дональд Трамп Қытайға сапары алдында осындай мәлімдеме жасады.
Ақ үй басшысы Мәскеу мен Киев көп ұзамай келісімге келетінінен үмітті екенін жеткізді. Осыған дейін әскери шеруден кейін, яғни 9-мамырда Президент Владимир Путинде де Украинадағы қақтығыс көп ұзамай тоқтайды деп мәлімдеген еді. Алайда, Құрама Штаттар басшысы Дональд Трамп Ресей Донбасс аумағын иеленеді деген ақпарды жоққа шығарды.