Жапонияда көмірден энергия өндіру өсті

Жапония көмірден электр қуатын өндіру көлемін арттырды.

Өткен айда көрсеткіш бірден 11 пайызға ұлғайған. Сарапшылар бұл кейінгі жылдағы ең үлкен өсім деп бағалады. Ал газдан электр энергиясын алу керісінше 13 пайызға қысқарды. Бұған АҚШ пен Израильдің Иранмен қарулы қақтығысы кезінде әлемдік энергетика нарығындағы жеткізу ісінде туындаған қиындықтар мен қымбатшылық әсер етіп отыр. Жағдай ушыққалы Азияда сұйытылған газ бағасы 62 пайызға, ал көмір тек 13 пайызға көтерілді. Қара отын Жапония үшін стратегиялық ресурс саналады. Өйткені көмір елдегі электр энергиясының 30 пайызға жуығын қамтамасыз етеді.