Индонезияда жанармай бағасы күрт өсті
Таяу Шығыстағы шиеленіс Индонезиядағы балық шаруашылығы саласына да әсер етті.
Жанармай бағасының күрт қымбаттауы салдарынан көптеген балықшы теңізге шығуды азайтты. Бұрын шамамен 14 мың рупий тұрған дизель бағасы қазір 30 мың рупийге жеткен. Салдарынан балық аулау шығыны өсіп, табыс азая бастаған. Әсіресе Орталық Явадағы жағдай күрделі. Джувана портында наурыз айында 1680 қайықтың тек 79-ы ғана теңізге шыққан. Балықшылардың айтуынша, жанармай бағасының өсуі көптеген отбасының негізгі табыс көзіне қауіп төндіріп тұр.