АҚШ-тың Федералды резерв жүйесінің жаңа төрағасы сайланды

Алдағы 4 жылда АҚШ-тың Федералды Резерв жүйесін Кевин Уорш басқарады. Бұл орынға оны Президент Дональд Трамп ұсынды. 

Десе де Құрама Штаттар Сенаты оның кандидатурасын қолдап, бір ауыздан дауыс берген жоқ. «Блумберг» басылымының дерегі бойынша 54 сенатор қолдаса, 45-і қарсы шыққан. Өйткені жаңа төраға Ақ үй басшысына жақын адам ретінде танымал. Сондықтан кейбірі Федеральды резерв жүйесінің дербестігіне қауіп төніп тұр деп санайды. Себебі АҚШ-тың Орталық банкі Президентке бағынбайды. Ал Дональд Трамп мемлекеттік қарыз бойынша төлемдерді азайту үшін базалық мөлшерлемені төмендету қажет деп санайды. «Осы уақытқа дейін АҚШ-тың Орталық банкін басқарып келген Джэром Пауэлл бұған қарсыласып келді. Бұл Құрама Штаттарда инфляцияның өсуіне әкеледі», - дейді. Джэром Пауэллдің қызмет ету мерзімі ертең аяқталуға тиіс.