Германияда мал ұрлығы көбейді

Германияда мал ұрлығы көбейді.

Раддуштағы шаруа қожалығынан бір түнде 48 сиыр ұрланған. Ал екі апта бұрын Херцберг маңында 74 ірі қара жоғалды. Өткен айда Фалькенберг пен Эльба-Эльстер өңірінде тағы 69 бұзау қолды болған. Полицияның дерегі бойынша, ұрылар жүк көлігіне тиеген әр малды таңдап алады. Тергеушілер бұған ұйымдасқан қылмыстық топтардың қатысы барын айтады. Қаскөйлер көбіне түнде әрекет етіп, жануарларды үркітпеу үшін арнайы дәрілер қолданады. Ұрылар мал ғана емес, қымбат ауыл шаруашылығы техникалары мен GPS құрылғыларын да ұрлайды.