АҚШ Иранның 70 кемесін қолға түсірді

АҚШ теңіз күштері Ормуз бұғазында Иранның 70 кемесін қолға түсірді.

Құрама Штаттар Қарулы күштерінің Таяу Шығыстағы Орталық Қолбасшылығы су көліктерінің жартысын өткелден өткізбей, кері қайтарған. Төртеуіне соққы беріп, істен шығарған. Президент Дональд Трамп Тегеран ядролық бағдарламасынан бас тартпаса, Ислам Республикасы порттарын қоршауды жалғастыра береміз деп отыр.