Қазақстан Орталық Азиядағы суды ең үнемді тұтынатын ел атанды
Қазақстан Орталық Азия елдері бойынша тіршілік нәрін ең үнемді тұтынатын ел атанды. 1 адам тәулігіне шамамен 3397 литр су ішеді.
Бұл өзге мемлекеттермен салыстырғандағы ең төменгі көрсеткіш. Салыстырмалы түрде алғанда, Қырғызстанда су тұтыну көлемі - 4153 литрді, Тәжікстанда - 4460 литрді, ал Өзбекстанда - 4778 литрді құрайды. Өңірдегі ең жоғары көрсеткіш Түрікменстанда тіркелген. Ол жақта бір адам тәулігіне 15 445 литрге дейін су пайдаланады.
Халықтың су тұтыну көрсеткіші
Қазақстан - 3 397 литр
Қырғызстан - 4 153 литр
Тәжікстан – 4 460 литр
Өзбекстан – 4 778 литр
Түрікменстан - 15 445 литр