Қазақстандық оқушы АҚШ-та марапатталды

Қазақстандық оқушы АҚШ-та өткен дүниежүзілік ғылыми-инженерлік көрменің арнайы марапатын алды. Тараздық бозбала байқауға өзінің авторлық жобасын алып барған.

Өнертабыс жасанды интеллект көмегімен қатерлі ісікті анықтай алады. Бұл жетістігі үшін Арнұр Артықбай MAWHIBA Foundation сыйлығын және Сауд Арабиясындағы KFUPM университетінің грантын иеленді. Ескеретін жайт, Regeneron ISEF ең айтулы ғылыми байқаулардың бірі. Биыл оған 60-тан астам елден 1700-ге жуық жас зерттеуші қатысты. Қазақстаннан барған 7 оқушы 5 жоба ұсынды.