Б. Нетаньяху: ХАМАС жетекшісінің көзі жойылды

ХАМАС-тың Газадағы басшысы Изз ад-Дин әл-Хаддадтың көзі жойылды.

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху осылай деп мәлімдеді. Айтуына қарағанда, топтың әскери жетекшісі Газа қаласына жасалған соққы кезінде қаза тапқан. Ақпаратты ХАМАС-та растады. Айта кетейік, Газа секторында соғыс жүріп жатпағанмен Израиль тарапынан оқ атылып, жүздеген палестиналық қаза тапты. Қазір Газаны қалпына келтіру бойынша келіссөздер де тығырыққа тіреліп отыр.