Д. Трамп пен Б.Нетаньяху Иран жайлы сөйлесті 

АҚШ Президенті Дональд Трамп пен Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяху телефон арқылы сөйлесті.

Екі жақ Иранға қарсы соғысты жалғастыру мәселесін талқылаған. Израиль ақпарат құралдарының мәліметінше, Ақ үй басшысы Тегеран билігімен келісім жасаудан әлі де үмітті. Вашингтон Иран таяуда ядролық бағдарламасына қатысты жаңартылған ұсыныс жіберуі керек, деп отыр. Өйтпеген жағдайда Ислам Республикасына жойқын соққы беруге дайын. Ал Премьер-министр Биньямин Нетаньяху Президент Трамппен сөйлескен соң Тель-Авивте әскерилерді жинап, жабық есік жағдайында жиын өткізді.