Иран суасты кабельдері үшін ақы талап етті

Әлем интернетсіз қалуы мүмкін. Иран IT- компанияларға баж салығын енгіземіз, - дейді. Яғни Ормуз бұғазы мен Парсы шығанағы арқылы өтетін кабельдерді тарту және пайдалану үшін ақы төлейді.

Мұны әлеуметтік желіде Ислам революциясы сақшылар корпусының өкілі Эбрахим Зольфагари жазды. Бұған келіспесе, Тегеран билігі бұл кабельдерді қиып тастаймыз, - дейді. Ал Amazon, Microsoft, Google сынды технологиялық алпауыттар Парсы шығанағында жылдар бойы деректер орталығын салып келген еді. Яғни, қазір әлемдік интернет трафиктің 30 пайызы Қызыл теңіз бен Ормуз бұғазы арқылы өтеді. Егер бұл байланыс желілері шектелетін болса, Азия мен Еуропа арасындағы ақпарат алмасу тоқтайды.