Әлемге цифрлық дағдарыс қауіп төндіріп тұр

Әлемге цифрлық дағдарыс қауіп төндіріп тұр. Бұл БАӘ-дегі «Хабтур» зерттеу орталығының сарапшысы Мостафа Ахмедтің айтуы. 

Өйткені Иран су асты кабельдері үшін IT-компаниялардан ақы талап етті. «Сондай-ақ кабельдерге Ислам Республикасына тиесілі компаниялар қызмет көрсетуі керек. Бұған келіспесеңдер, Тегеран билігі бұл кабельдерді қиып тастаймыз», - дейді. Сарапшылар егер бұл байланыс желілері шектелетін болса, құрлықаралық «цифрлық апатқа» әкеп соғады дегенді айтады. Яғни Еуропа мен Азия арасында сауда мен трансшекаралық транзакциялар тоқтайды. Ал Африканың шығысы түгел интернетсіз қалуы мүмкін.