АҚШ Үнді мұхитында Иран танкерін ұстады

АҚШ әскері Үнді мұхитында Иранға тиесілі деген танкерді ұстады. Wall Street Journal басылымының жазуынша, жүк кемесі ақпан айында парсы елінің Харк аралынан шыққан.

Оған 1 миллионнан астам мұнай тиелген. Skywave деп аталатын танкер Иранның «қара алтынын» санкциялардан тыс тасымалдау үшін жолға шыққан. АҚШ-тың Таяу Шығыстағы Қарулы күштері бас қолбасшылығының мәліметіне сәйкес Америка әскері теңіздегі тосқауыл операциясының аясында 89 сауда кемесін ұстады.