Перуде жер сілкінді

Дүмпудің магнитудасы 5,8-ге жетті. Кейінгі мәлімет бойынша, 27 адам жараланды. 

Бірнеше ғимарат пен тұрғын үй бүлінді. Опат болғандар туралы ақпарат жоқ. «Ассошиэйтед Пресс» агенттігінің мәліметіне қарағанда, зілзала ошағы Ика қаласынан 25 шақырым қашықтықта тіркелді. Перудің Қорғаныс министрі жергілікті тұрғындармен кездесті. Өйткені зілзала салдары халықтың үрейін туғызды. Көбі уақытша орталықтарға көшірілді. Ал Уанкавелике жотасында лай көшті. Перу Тынық мұхитындағы «отты шеңбер» деп аталатын сейсмикалық аймаққа жатады. Яғни бұл елде жер сілкіну қаупі өте жоғары.