Эйфель мұнарасының баспалдағы аукционға қойылады
Эйфель мұнарасының баспалдағы аукционға қойылады. Бәс саудасы ертең Францияда өтеді.
Бастапқы бағасы - 50 мың еуро. Бірақ құны көтерілуі мүмкін. Өйткені бұрандалы баспалдақтың бір бөлігі 40 жыл бойы Эйфель мұнарасының ішінде сақталып келген. Сондықтан металлдың ешбір жері бүлінбеген, - дейді ұйымдастырушылар. Лоттың биіктігі - 3 метр. Айта кетейік, 1983 жылы құрылысшылар 24 бөлікке бөліп, баспалдақты алып тастайды. Қазір жәдігердің көп бөлігі дүниежүзілік музейлерге қойылған.