ЕО Сирияның ІІМ мен Қорғаныс министрлігін санкциядан босатты

Еуроодақ Сирияның күштік құрылымдарын санкциядан босатты. Қара тізімнен елдің Ішкі істер министрлігі мен Қорғаныс министрлігі алынды.

Брюссель Дамаскінің қазіргі билігімен байланысты жақсартуға бейіл. Сирия үкіметі Еуроодақ шешімін қуана қарсы алды. Бұл елдегі ахуалды тұрақтандыруға және басқару институттарының беделін нығайтуға сеп болады деп мәлімдеді. Дегенмен Еуроодақ бұрынғы Президент Башар Асадқа қатысы бар тұлғалар мен компанияларға салынған санкция мерзімін келер жылдың 1 маусымына дейін ұзартты.