Трамп: Иранмен келісім қыл үстінде тұр
Мұны АҚШ Президенті Дональд Трамп мәлімдеді.
Ақ үй басшысы Тегеран билігіне ойлануға бірнеше күн беруге әзір. Алайда шыдамның да шегі бар екенін жеткізді. Десе де, қанды қырғынға жол бергісі келмейтінін де атап өтті. Сондай-ақ келісімге келмей, Ислам Республикасын санкциялардан босатпаймыз, деп мәлімдеді. Бұдан бөлек Президент Трамп Түркия басшысымен телефон арқылы сөйлескенін айтты. Реджеп Тайип Ердоғанмен жақсы әңгімелестік, деді. Оған мінезі қатал, бірақ мықты көшбасшы деп баға берді. Сондай-ақ Анкара АҚШ-тың маңызды одақтасы екеніне тоқталды.