Әлемде электр көліктеріне сұраныс артты
Әлемдік нарықтағы электромобиль үлесі 30 пайызға жетуі мүмкін. Мұндай болжамды International Energy Agency жариялады.
Мамандар сұраныстың артуын Таяу Шығыстағы қақтығыс салдарынан жанармай бағасының қымбаттауы және аккумулятор құнының төмендеуімен байланыстырады. Ұйымның есебіне сәйкес, 2026 жылы әлем бойынша электромобиль сатылымы 23 миллионға жетуі ықтимал. Ең жоғары өсім Азия мен Латын Америкасында тіркелуі мүмкін. Ал Қытай саладағы көшбасшылық орнын сақтап тұр. Сарапшылардың бағалауынша, 2035 жылға қарай әлемдегі электромобиль саны алты есе артып, 510 миллионға жетеді деген болжам бар.