М. Рютте: НАТО АҚШ-қа сене бергенді қоюы керек

«НАТО АҚШ-қа сене бергенді, қатты тәуелді болғанды қою керек». Әскери альянстың бас хатшысы Марк Рютте Шве-ция-ның Ревингтегі әскери оқу-жаттығу жиынында осылай деп мәлімдеді.

Қазір НАТО жаһандық күш моделін жаңарту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қазір Швецияда НАТО-ға мүше елдердің сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтіп жатыр. Жиында АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілінің Еуропаның қауіпсіздігіне кепіл болудан бас тарту жоспары талқылануда.

Марк Рютте, НАТО бас хатшысы:

- Қазір біз қарулы күштеріміздің бағыт-бағдарын, орналасу ретін қайтадан жүйелеп жаттармыз. АҚШ әскери іс-қимылдарын Еуропадан басқа да аймақтарға бағыттай алатындай болуы керек. НАТО-ның Еуропадағы бөлігі өте маңызды. Өйткені АҚШ-тың жер аумағын қорғау Еуропа құрлығынан, нақтырақ айтқанда Норвегиядан басталады. Бірақ біз АҚШ-қа қатты сенім артуды доғаруымыз керек.