Қытайда тасқыннан 25 адам қаза тапты

Қытайда тасқыннан қаза тапқандар саны 25 адамға жетті. Бұл туралы Рейтер хабарлады. Табиғи апаттан әсіресе елдің оңтүстік және орталық аймақтары қатты зардап шекті.

Хубэй, Гуанси және Гуандун провинцияларында мектептер мен жолдар жабылған. Билік 25 мыңға жуық тұрғынды қауіпсіз жаққа көшірді. Тасқын зардабын жою үшін бюджеттен 22 миллион доллар көмек қаржы бөлінген. Метеорологтар қолайсыз ауа райы әлі бірнеше күн сақталады деп ескертті.