Қытайлар бензиннің жаңа түрін шығарды
Қытайлар бензиннің жаңа түрін шығарды. «Aipao103» маркалы отын жоғары қысымды әрі экстрималды деңгейде жұмыс істейтін қозғалтқыштарға арналған.
Негізінен жарыс көліктеріне қолданылады. Жанармай құрамында нарықтағы АИ 98 маркасына қарағанда октан 5 бірлікке көп. Ерекшелігі тез буланып толық жанады. Қытай бұған дейін импорттық отынға тәуелді болып келген. Ғалымдардың тың жаңалыққа қол жеткізуіне осы ұзақ жылғы мәселе түрткі болды. Отынның жаңа түрі Такламакан-2026 халықаралық ралли кезінде сынақтан өтті.
Ли Чжундань, Sinopec компаниясы жанындағы Жаңа материалдарды зерттеу институты директорының орынбасары:
- Бұл мұнай-химия технологиясындағы үлкен жетістік. Жанармайдың ерекшелігі құрамында октан бірлігі көп болса да көлік қозғалтқышына зиян келтірмейді. Күкірт мөлшері төмен. Қорғасын мен марганец қоспалары қолданылмайды. Қазір бұған әлемдік нарықта қызығушылық туып отыр.