Конгода эбола жұқтырғандар саны артты

Конго Демократиялық Республикасында Эбола вирусына шалдыққан адамдардың саны 900-ден асты. 101 тұрғыннан дерт нақты анықталды.

Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус хабарлады. Қазір Монгбвалу қаласында Эболаның сирек кездесетін Бундибугио штаммы өршіп тұр. Дәл осы штаммға қарсы вакцина мен емдеу тәсілдері әзірге жоқ. Билік елдегі санитарлық бақылауды күшейтті.