Филиппинде 9 қабатты ғимарат құлады

Филиппинде құрылысы бітпеген 9 қабатты ғимарат құлап, төрт адам қаза тапты. Шамамен 40 құрылысшы үйінді астында қалып қойған. 

Оның 26-сы құтқарылды. Тағы 16 адам әлі табылған жоқ. Оқыс оқиға Анхелес қаласында болған. Қазір құрылыс аумағын тазарту және қаза тапқандардың денелерін шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Апаттың нақты неден болғаны әзірге белгісіз. Тергеу жұмыстары басталды. Алдын ала ақпар бойынша, ғимараттың күтпеген жағдайда құлауына сапасыз құрылыс материалдары мен нөсер жауын әсер етуі мүмкін.