Ferrari алғашқы электр көлігін таныстырды

Ferrari алғашқы электр көлігін таныстырды. Жаңа модельге Ferrari Luce деген атау берілген. Бағасы – 640 мың доллар.

Бар болғаны 2 жарым секундтың ішінде жылдамдықты сағатына 100 шақырымға жеткізе алады. Барлық бөлшектерін компанияның өзі өндіреді. Сондықтан ұзақ уақыт бойы қызмет көрсетуге және нарықтық бағасын сақтауға мүмкіндік бар. Айта кетейік, қазір Еуропаның көлік нарығында Қытай компаниялары үлкен бәсеке тудырып отыр. Олар жылдам жасайды және арзанға сатады. Осы бәсекеге шыдас бермеген Lamborghini мен Porsche электркар өндірісін тоқтатты. Ал Ford пен Volkswagen жанармаймен жүретін көліктерді шығаруға көбірек басымдық беруде.