Ормуз бұғазынан 26 кеме өтті

Кейінгі бір тәулікте Ормуз бұғазынан 26 кеме кедергісіз өтті. Олардың қатарында мұнай танкерлері мен коммерциялық кемелер бар. 

Бұл туралы Ислам революциясының сақшылар корпусы хабарлады. Рұқсат алған көлік құралдарының қауіпсіздігін әскери-теңіз күштері қамтамасыз етті. Ал мұның алдында бірнеше кеме Парсы шығанағының аумағына рұқсатсыз кірмек болып, Ислам революциясы сақшылар корпусының навигациялық жүйелерін істен шығарған. Бұл кемелердің екеуі ұсталды, ал қалғаны ескерту алған соң, кейін қайтқан. Иран стратегиялық маңызы бар су жолына тұрақты бақылауды одан әрі жалғастыратынын мәлімдеді.