Британияда ауыз су тапшы болып тұр
Англияда ауыз су тапшы.
Қазір елдің оңтүстік-шығысында 20 мыңнан астам тұрғынға су жетіспейді. Жағдай әсіресе Уитс-абл қаласында күрделі. Онда 8 мыңға жуық адам сусыз қалған. Оның үстіне кейінгі аптадағы аптап ыстықтың салдарынан бір тәулікте тұтынған су көлемі нормадан 100 мл литрге артты. Және көктемде жауын-шашын аз түскендіктен су қоймаларындағы қор кеміп кетті. Қазір тұрғындар суды арнайы пунктерден алып отыр.