Эбола жұқтырғандар саны мыңнан асты
Конго Демократиялық Республикасында Эбола вирусын жұқтырғандар саны мыңнан асты. Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау министрі мәлімдеді.
Кейінгі деректерге сәйкес індетке қатысты 1028 жағдай тіркелген, оның 225-і зертханалық түрде расталды. Қазір бірнеше мемлекет Конго Демократиялық Республикасынан, Уганда мен Оңтүстік Суданнан келетін азаматтарға қатысты шектеулер енгізді. Олардың қатарында Канада, АҚШ, Мексика, Бахрейн, Иордания және Руанда бар.