Угандада Эболаға қарсы жаңа вакцина сынала басталды
Угандада Эболаның «Бундибугио» штамына қарсы жаңа вакцинаны клиникалық сынау басталды, деп хабарлайды 24KZ.
АҚШ-тың Moderna компаниясы әзірлеген «матрицалық рибонуклеин қышқылы негізіндегі вакцина» балалар мен 65 жасқа дейінгі 224 еріктіге салынады. Бұл вакцинаның балаларға алғаш рет қолданылуы болмақ. Ғалымдар клиникалық зерттеулер барысында екпенің тиімділігін бірнеше кезеңмен бағалауды көздеп отыр. Gavi альянсы препарат мақұлданған жағдайда, оның жүздеген мың дозасын жеткізуге дайын екенін айтады. Алдағы уақытта Конго Демократиялық Республикасында індетке қарсы тағы екі вакцинаны сынақтан өткізу жоспарланып отыр.