Қорғас арқылы гүл экспорты артты
Қытайдан Қазақстан арқылы экспортталатын гүл көлемі екі есе артты. Көрші елдің кеден статистикасына сәйкес жыл басынан бері 5 мың тоннаға жуық гүл Орталық Азия нарығына шығарылған.
Трансшекаралық сауданың бұл түрімен айналысатын қазақстандық кәсіпкерлердің саны да көбейді. «Бұл Қорғас портының ауыл шаруашылығы өнімдері үшін «жасыл дәліз» қағидасын іске қосуымен тікелей байланысты», - дейді мамандар. Кедендік құжат рәсімдеу тиімділігі арттып, тауар жеткізу мерзімі айтарықтай қысқарған. Соның арқасында гүлдер 70 сағат ішінде жеткізіледі.