Конгода эболадан айыққан алғашқы науқас тіркелді

Конго Демократиялық Республикасында эболадан айыққан алғашқы науқас тіркелді. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы хабарлады.  

Дегенмен мамандар әлі де қауіп сейілмегенін айтады. Себебі індет кезіндегі өлім-жітім деңгейі шамамен 50 пайызға жетуі мүмкін. Тек вирусты ерте анықтап, науқасқа дер кезінде көмек көрсету арқылы адам өмірін сақтап қалуға болады, - дейді олар.