АҚШ 70 кемеге Ормуздан өтуге көмектесті

Кейінгі үш аптада АҚШ 70 танкерге Ормуздан өтуге көмектесті. 

Мұны Ақ үй әкімшілігіндегі өз дереккөздеріне сілтеме жасап The New York Times басылымы хабарлады. Сауда кемелері бұғаздан өту үшін навигация жүйесін өшірген. Вашингтон билігі танкерлер қай елге тиесілі және қандай бағытпен қозғалғанын жариялауға келіспеді. Өйткені Иран шабуыл жасауы мүмкін деп қауіптенеді. Таяу Шығыстағы соғысқа дейін Ормуз арқылы әлемдегі мұнайдың 20 пайызы тасымалданатын. Ол кезде стратегиялық су жолы арқылы күніне 100-ден аса кеме өткен.